​«Баламның қалауы пәтер еді»: Мөлдір Әуелбекова ұлына құны 60 миллиондық пәтер сыйлады

0
1 255

«Әр қазаққа осындай баспана бұйырсын!»


​«Баламның қалауы пәтер еді»: Мөлдір Әуелбекова ұлына құны 60 миллиондық пәтер сыйлады

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне құны 60 миллион теңге тұратын пәтер тарту етті.


«Жаңа мектепке бара жатып, «анашым, сыйлығымды күтіп жүрмін» деп қояды. Өзім уәде еткенімді орындап, жаман үйретіп қойыппын. Есесіне, балам сыйлығын алатынына сенімді. Қатты қобалжып жүрмін. 60 млн теңге оңай емес» деп жазған болатын әнші.


Әншінің бірінші некесінен туған ұлы Салтай биыл 7 жасқа толды. Соның құрметіне Мөлдір Әуелбекова 40 адамға дастархан жайып, дүркіретіп тойлады. Кішкене бүлдіршіндерге 4 сағаттық шоу-бағдарлама ұйымдастырып берді. Ал күні кеше ұлына уәде еткен сыйлығын табыстады.


«Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір жетістігім – осы. Қуаныштан бір жылап алдым. Аллаға шүкір, қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рахмет! Тілекші халқыма мың алғыс! Жұғысты болсын!»деп жазды Мөлдір Әуелбекова.