"Батасын берді": Түсіпбаева екінші рет тұрмысқа шыққан Алтынайдан бата алды

0
2 542

Оқырмандары да әншінің ертерек тұрмыс құруын тілеген.


Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ әнші оқырмандарының соңғы кездері тезірек тұрмысқа шығуын, отбасын құруын тілеп, жиі пікір қалдыратындарын айтты.

"Алтынай ханымнан кейін, маған екінің бірі , осындай тілек тілейді... жақсы тілек - жарым ырыс.... Алтуша батасын берді, айтпақшы....#серикабасшах персональный рахмет!" - деп жазады әнші.

Сонымен қатар өнер иесі оқырмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтап пікір қалдырып, парақшасына қызықты фото жүктеген. Фотода алпауыт ел АҚШ-тың экс президенті Барак Обаманың Меруерт ханымды Ораза айтымен құттықтауы жазылған.

"Ораза айт қабыл болсын, достарым!!! Маған, Обаманың өзі , тілек жіберіпті!!!!!(бывший президент США), Трампу некогда, ол шашы жалбырап борется с КВи, сол үшін, оған өкпелемеймін, құттықтамады деп..."- деп әзілдеді Меруерт Түсіпбаева.


"Обаманын тілегі қабыл болсын!", " Меруерт ханым , Сіз әлі жассыз сұлусыз, күйеуге шығып бақытты болыңыз!", "Сізде бақытты болуға лайықсыз, керемет жансыз ғой, тұрмысқа шығуыңызға тілектеспіз!" - деп жазады әншіге бақыт тілеген оқырмандары.

Тағы оқыңыз: Әншілер мен актерлер вакцина жасауға қарсы шықты (видео)


ERNUR.KZ.