Әншілер мен актерлер вакцина жасауға қарсы шықты (видео)

0
3 423

Тіпті дәрігерлер де екпеге қарсы шыққан.


Әншілер мен актерлер вакцина жасауға қарсы шықты (видео)

Қазақ сахнасының төрінде жүрген біршама эстрада әншілері мен жүргізуші, вайнер және дәрігерлер елдегі екпе туралы жаңа заңның қабылдануына қарсылықтарын білдірді. Бұл туралы әнші Дильназ Ахмадиева өзінің инстаграм парақшасында видео жүктеп, қарсылық пікір жазған.

"Достар, біз міндетті және мәжбүрлі екпеге қарсымыз! Естімегендер үшін, парламент жаңа "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" медициналық кодексін қабылдамақ", - деп жазады әнші Дильназ Ахмадиева.

Видеоға түскен өнер адамдары мен дәрігер, тележүргізушілер екпені міндетті етуге қабылданып жатқан заңға қарсы екендерін, заңдағы "міндетті" деген сөзді "ата-ана таңдау құқылы" деп өзгерту керек деп есептейді.

"Екпе жасатуға да, жасатпауға да ата-ананың өз құқығы болуы керек" дейді әнші Айдана Меденова.

"Баланың денсаулығына өз ата-анасынан артық ешкім қарай алмайды. Сол вакцинаны шетелде шығарғандардың айдаладағы біздің балалардың денсаулығын ойлайды деу, өте күлкілі. Әрине, вакцина салдырғандарға қарсылығым жоқ. Бірақ бала Алланың ата-анаға берген аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамайық! Қабылдаған заңда "міндетті вакцина" егу сөзін, "ата-ана таңдау құқылы" сөзіне ауыстыруды талап етеміз", - деп өз көзқарасын білдірген "Қалаулым" жобасының жүргізушісі Айдай Исаева.


Посмотреть эту публикацию в Instagram
Друзья, мы против обязательной вакцинации и принуждения! Кто ещё не в курсе, в парламенте хотят принять новый медицинский кодекс «О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ» По итогам общественных слушаний составлено обращение ПРОТИВ следующих 16-ти норм проекта Кодекса: 1⃣. Презумпции согласия на изъятие органов и тканей у умершего человека 2⃣. Разрешения вывоза органов и тканей человека за рубеж для нужд иностранцев 3⃣. Прекращения мер искусственной поддержки жизни пациента без согласия родственников 4⃣. Сокращения сроков до 10 дней на опознание и востребование неопознанных умерших 5⃣. Расширения списка, разрешающего вскрытие умерших граждан 6⃣. Разрешения биомедицинских исследований на уязвимых гражданах 7⃣. Сбора персональных медицинских данных без согласия граждан 8⃣. Ограничений права на труд гражданам, не прошедшим скрининговые исследования. В проекте нет никакой конкретики относительно видов скрининга. Он должен быть добровольным. 9⃣. Постановки диагноза психического расстройства врачом первичной медико-санитарной помощи и закрепления размытых критериев в вопросе установки психиатрического диагноза