Баян Мақсатқызының туған күнінде Алагөзов ән айтып, керемет би арнады (ВИДЕО)

0
3 321

Баян Мақсатқызының 45 жасқа толған туған күн кешінде Т. Алагөзов арнайы би дайындап, «Девочка моя» деп ән шырқады.


Баян Мақсатқызының туған күнінде Алагөзов ән айтып, керемет би арнады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 45 жасқа толды. Оның туған күніне отандық шоу-бизнестің жұлдыздары қатысты. Туған күнін жоғары дәрежеде атап өткен продюсер Баян Мақсатқызына Тұрсынғали Алагөзов ән арнады.


Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігінің инстаграм парақшасында жарияланды:

Stan.kz: 45 жасын ет-жақындарының жанында тойлаған продюсердің кешінде сөз алған Динара Сәтжан «Баян Қазақстанда президенттен кейінгі ең танымал адам. Баянның жан-дүниесі таза, әзілге жақын және достыққа адал. Баян Астанаға келгенде, біз таңғы 5-ке дейін шай ішіп ұйықтамай, әңгімелесеміз. Дос деген тек жақсылықта емес, қиын жағдайда да қолдау көрсету керек. Оған қиын кезеңдерде де қасында болдым. Баянды жамандайтындар да, мақтайтындар да бар. Бірақ Баянмен жақсы араластындар оның қандай адам екенін жақсы біледі. Баянның харизмасы бар және оның жақсы қасиеттері өте көп», - деді.


Продюсер Баян Мақсатқызының туған күні әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Ал, сіз не айтасыз, оқырман?


Фото: @bayanmaksatkyzy_

Видео: @_stan.kz

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Құралай ханым «Өтініш қазақтар... Неге өлімді шақырып отырсыз?!»


Ринат Заитов: «Неге көшедегі адамдар милиция көрсе қашады?» (видео)


«Балаға 1 жасқа дейін төленетін ақшаны 3 жасқа дейін ұзарту керек...»