"Босанғанша ешқайда шықпай, үйде отыруым керек": Мөлдір Әуелбекова ауруханадан шықты

0
2 287

"Коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік" - дейді әнші.


Өткен аптада біз әнші Мөлдір Әуелбекованың кароновирус жұқтырып, ауруханаға түсіп қалғанын жазған едік. Әнші сүйінші сұрап, кеселді жеңіп шыққанын жариялады.

Мөлдір Әуелбекова: "Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде "положительный" результат дегенде ковид атауының өзі психологоиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым мен Сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла Сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауыптірек болады екен.. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын!".




"Ешкім ауырмасын атты өшкір аурумен" деген оқырмандары оның аман-сау босанып алыңыз деген шынайы тілектерін жеткізіп жатыр.