"Бұл - екінші киноға сілтеме": Жұлдыз Абдукаримова екінші киносы туралы айтты

0
1 613

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримованың алғашқы туындысы "Ажырасам" фильмі көрерменге жол тартты.


Автордың айтуынша, фильм болған оқиға желісімен түсірілген. Туынды 6 айға жуық түсірілген. Фильмде көрерменге қызықты бірнеше құнды дүниелер де көрсетілген. Бұл туралы Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік парақшасында жариялады.


"Сіздер 90 минут көретін 1 фильмнің артында қаншама команданың 6 айға жуық еңбегі жатыр.

Бұл фильм көрерменге:
Қандай сынақ келсе де, ең бірінші сынуды емес сол сынақтан шығуды ойлауды
Сенім мен Сезім бір-бірінсіз әлсіз, ал екеуі бірге болса өте үлкен қару екенін
Әйелдің сырты қаншалықты нәзік болса, ішкі дүниесі соншалықты мықты екенін
Әдемі сөйлегеннің бәрі әділ, үндемегеннің бәрі ұяң еместігін
Сүю сөз бен істің шынайылығымен сұлу бола түсетінін жеткізеді", деп жазды ол.



Желі қолданушылары кино туынды туралы "фильмнің аяғы түсініксіз", "аяғы жоқ, соңын түсінбедік", "енді басталды дегенде кино бітіп қалды" деген пікір білдірген. Бұған автор "Бұл - екінші киноға астар, сілтеме" деп жауап берген.