«Бұл – махаббат»: Райм мен Ерке жуырда сәбилі болатынын жеткізді

0
2 713

Өнерлі жұптың алғашқы бейнебаяны жарық көрді


«Бұл – махаббат»: Райм мен Ерке жуырда сәбилі болатынын жеткізді


Әнші Райм мен Ерке Есмаханның алғаш рет бірге орындаған әнінің бейнебаяны көпшілікке жол тартты. «Бұл - махаббат» деп аталатын бейнебаяннан Еркенің аяғы ауыр екенін байқауға болады.


«Әніміз жүректеріңізге жетіп, бейнебаянымыз көңілдеріңізден жақсы орын алады деген үміттеміз. Сүйінші!» деп жазды Ерке.


Youtube желісінде бейнебаянды көргендер өнерлі жұпқа жақсы тілектерін жаудырды. «Оппа, күшті жаңалықты бейнебаянмен жеткізіп тұр ғой», «Шын ниетіммен қуанып тұрмын, аман-есен босанып алыңыз», «Райм нағыз еркек!», «Олар елдің сөзіне қарамастан бақытты таңдады, алайда екеуіне айналаның сөзін көтеру оңай болмады. Шынымен де, бұл – махаббат!» деп жазды тыңдармандары.


Айта кетейік, Райм Ерке Есмаханнан 12 жас кіші. Еркенің алғашқы некесінен бір ұлы бар. Райм екеуінің махаббаты ел ішінде қызу талқыға түскен болатын.