Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны желіде қызу талқыға түсті (видео)

0
2 427

Қазақстанның мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатып жүрген Димаш Құдайбергеннің кезекті бейнебаяны желіде қызу талқыланып жатыр.


Димаш Құдайбергеннің  бейнебаяны желіде қызу талқыға түсті (видео)

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әншінің "Аққуым" әніне түсірілген бейнебаяны мерекеге орай 8-наурыз күні You Tube желісіне жарияланды. Жазба жүктелген сәттен бастап, қазірге дейін 225 мыңға жуық көрермен тамашалаған, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.


Естеріңізде болса, апта басында Димаштың патша көңілді көрерменіне тосын сый бар екенін айтқан болатынбыз. Көпшілік асыға күткен бейнебаянның тұсауы кесілісімен-ақ желі қолданушылары талқылауды бастап кетті. Бір қуантарлығы, бес мыңнан аса пікірлердің ішінде кереғар пікір жоқ. Тек қазақ елі ғана емес, Димаштың әлемнің түкпір-түкіріндегі тыңдармандары алғыстарын білдіретіп жатыр. Тіпті, әннің мағынасын түсінбеген шетелдіктер, әуезі мен көрінісінің үйлесіміне таңданып, көз жасына ерік бергендерін жасырмады.

Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған, Аймұрат Мажықбаевтың "Аққуым" әні көпшіліктің жүрегінен орын тапты. Ал, әнді өңдеген Ерлен Бекчуринге Димаштың жанкүйерлерінің берген бағасы өте жоғары.