Фото: Димаш Құдайбергеннің инстаграм парақшасынан алынды
Әлемдік деңгейде Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай тосын сый жасамақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Әнші 8 – наурызда "Аққуым" әніне түсірілген бейнеклипін қалың көрермен назарына ұсынбақшы. Бұл туралы әнші өзінің инстаграмм парақшасында жазды.
«Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянның үзіндісін жүктеген әнші тыңдармандарын қуантудан жалықпайды. Ал, Димаштың бұл сыйына жанкүйерлерінің ыстық ықыласы мен жылы лебіздері толастар емес. Бірі: «Не деген керемет сыйлық!», «Асыға күттік қой!», «Дәл мерекеге керемет сыйлық болатын болды» десе, енді бірі «Аллам әр ісіңе береке берсін!», «Аман бол, баққытты бол!» деп батасын беріп жатыр.