«Димаштың мектебі, даусы жоқ»: Қос әншінің пікірі келіспей қалды

0
3 518

«Білімі жоқ адам алысқа бармайды»


«Димаштың мектебі, даусы жоқ»: Қос әншінің пікірі келіспей қалды

Белгілі эстрада әншісі Бахыт Шадаева журналист Жан Ахмадиева берген сұхбатында әншілерге арнап мектеп ашқалы отырғанын жеткізді. Оны бұл қадамға қазіргі үлкен деңгейге жеткен әншілердің де даусының қойылмағаны жетелеген.

«Аузын ашқанның бәрі әнші боп кетіп жатыр. Үлкен деңгейге жеткен әншілердің өзінде мектебіжоқ. Бәрін алып постановка қойып бергім келеді. Димаштың өзінде постановка, мектебі жоқ. Құдай берген даусы, табиғат берген таланты бар. Көз алдымда өскен бала. «Жас қанат» байқауында «Құрысын, ондай дауыс құрысын» деп Медеу сияқты әншілер шыққан кезде, «Мына жерде Димаштан артық талантты көріп тұрғаным жоқ» деп өнерге жолдаманы мен берген едім. Даусы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп ойлаймын. Әрбір адамда білім, мектеп болу керек. Білімі бар адам ешқашан жоғалып кетпейді. Жеке мектебімді сол үшін ашайын деп жатырмын», - деді Бахыт ханым.

Әншінің айтуынша, мектеп ашқанымен, өнері тоқтап қалмайды.

Бірақ, өнерімді жалғастыра беремін. Жақсы әндер шықса орындаймын. Сахнадан кетпеймін. Әріптестерім мені ысырып тастаймыз деп ойламай-ақ қойсын. Мені соғып өтетін әншілер көп. Мен солар үшін ұяламын. Иә, белгілі бір биікті бағындырған екен, бірақ, көкіректі де шектеумен көтеру керек қой. Көз алдымда қанша жұлдыздар жарқ етіп шығып, өшіп қалып жатыр. 35 жыл сахнада жүріп бәрін көріп келе жатырмын. Қарапайымдылық, білім, құрметтеу, жастар осыны ұмытпасын! – деуді де ұмытпады ол.


Осы мәлімдемеден кейін өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаева былай деп жазба қалдырды.

«Әлемге қазақша ұйреткен… Әлемді қазақша ән салдырған…Әлемді қазақша сөйлеткен…. Әлемге Қазақты танытқан…ДИМАШ …. Есен- аман бол! Платон мне друг, но Истина дороже», - деді.


Ал сынға іліккен әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген дәл қазіргі кезеңде Еуропаны аралап, ғаламдық концерттер беріп жүр.