​«Эйр Астана Тоқаевты тыңдамайды»: Қайрат Нұртастың әкесі Президентке видеоүндеу жолдады

0
841

«Таңғы беске дейін әуежайда отырдық»


​«Эйр Астана Тоқаевты тыңдамайды»: Қайрат Нұртастың әкесі Президентке видеоүндеу жолдады

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына ренжідім дегендей, жай халықты елемегендері ғой» деп «Инстаграмдағы» парақшасына жазба қалдырды.


Ол еліміздегі әуе компанияларына ренжіп, Президентке бейнежазба жолдаған.


«Құрметті біздің еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің сізге қоятын сауалым, біздің елдегі авиа компаниялар біздің елдің заңына бағынатын компаниялар ма, әлде ешкімге тәуелсіз, ешкімнің алдына жауап бермейтін компаниялар ма? Мен осы елдің азаматы ретінде өз шаруаларыммен ұшақпен көп жүретінім рас. Бұл бірінші рет емес. Мысалыға алсақ, тамыздың 10-ынан 11-не қараған түні, сағат 1-ден 50 минут кеткенде Астана қаласынан Алматыға ұшатын «Эйр Астана» компаниясының ұшағы таңғы 5-тен асқанда орнынан әрең қозғалды. Бір кісі келіп «осындай жағдай боп жатыр, техникалық ақау боп қалды» деп себебін түсіндіріп, ескерткен жоқ. Жай ғана «пәлен уақытқа кешіктірілді» деді, болды. Таңғы беске дейін әуежайда отырдық. Сонда бұл қалай болғаны? Біздің де жоспарлаған жұмыстарымыз бар, мысалыға мен Алматыдан ары қарай басқа қалаға ұшуым керек еді, рейстен кешігіп қалдым. Осыған жауап беретін кісі бар ма, жоқ, әлде бұлар Сіздің қойған талаптарыңызды тыңдамайтын болған ба?...» деді әншінің әкесі


Нұртас Айдарбековтің бұл сынына тыңдармандары да өз пікірін қосқан. «Эйр Астана құтырып болған совсем. Ал жолаушы кешіксе ақшасы қайтарылмайды. Оның үстіне штраф төлетеді. Бұларды қарайтын кісі жоқ-ау, осы», «Мәссаған, Нұртас аға, сізде де проблема бола ма? Ойламаппын, Президентке осылай жолдау айтасыз деп», «Бұлар автобус құсап адам жинайды, адам аз болса рейсті шегере береді», «Эйр Астана» Тоқаевты да тыңдамайды» деп жазды көпшілік.