"Енесі екеуіне ән айтпау керек": Сахнада ән айтқан Жұлдыз Абдукаримова сынның астында қалды (Видео)

0
987


Белгілі актриса Жұлдыз Абдукаримова Айгүл Иманбаеваның ән кешінде бірге дуэт орындаған. Олар Айгүл Иманбаеваның репертуарындағы "Әдемі қыз" әнін шырқаған екен. Олардың видеосы әлеуметтік желіде бірден таралып, хйтке ұласты.

Оған Жұлдыз Абдукаримованың дауысы себеп болғанға ұқсайды.


Желі қолданушылары "Аузы қисық болса да Қайрат Нұртастың әйелі ән айтсын" дегендей болыпты ғой", "Шын таланттар сахнаға шыға алмайтын заман", "Кішкентай баланың әнін айтып жатыр ма?! Енесі екеуіне ән айтудың керегі жоқ" деген сыңайдағы пікірлерді қарша боратып жатыр.