"Фариза өзі жазды": Төреғалидің қарындасы мен күйеу баласы қалай танысқандарын айтты

0
4 838

"Кездесетін түні менің бетімнен үлкееен өмірімде болмаған прыщик шықты" - дейді Фариза Төреәлі.


"Ұлы дала баласының" қарындасы да желіде танымал тұлғалардың біріне айналып келеді. Оның күйеуі Дархан Нортаев та елге белгілі азаматтардың бірі. Олардың парақшалары әсіресе жасөспірім қыздарға қызық екені белгілі. Көпшілік екі жастың махаббатына қызығып, олардың қалай танысқандарын жиі сұрайтын.

Бұл сұраққа Фариза Төреәлі осы жолы желідегі өз парақшасында толыққанды жауап беріпті.

Фариза Төреәлі: "Дархан екеуміз қалай таныстық?

Мен ешқашан жазбаған және айтпаған әңгіме болған соң, 2 жылдан бері оқырмандарым білгісі келіп күтіп қалды. Бір айдан бері пост жазбай қолым шығып қалыпты.

Қыс уақыты, менің Астанада оқуда жүрген кезім. Маған бір жігіт қоймастан әрбір сторисыма жауап жазып жүреді. Әдеттегідей мен ешкімді байқамаймын, жауап та бермеймін. Маған жаза беретін жігіттер ғой деп мән бермейтін едім. Арада солай 3 ай өтеді. Күніге жазады, оның хаттары "запроста" тұрады.

Енді сіздерге қызық айтайын, Астанадан Шымға тойға кеттік. Мейкап, хэйр стилисттерді үйге шақыртып шаш жасатып отырғам. Солай инстаграмда мен ешқашан "уведомление" дегенге кірмейтінмін, сол күні іш пысып кірдім. Телефоным қолымнан зырғып түсіп кетті, алған кезімде Дарханның парақшасына кіріліп кетіпті (соған әлі өзім таң қалам).

Бір күні күліп жауап бердім. Жауаптан соң тіптееен "түсімдегі қыз" деп қойып қоймай жазып жүрді. "Неменеге жаза береді екен осы?" деген ой да болатын. Солай сөйлесіп кеттік, мені бір ай бойы кездесуге шақыра алмай жүрді. Бір күні мен үшін Ақтаудан кездесуге ұшып келді.

Кездесетін түні менің бетімнен үлкееен өмірімде болмаған прыщик шықты. Кетіру үшін не амал жасамадым десеңізші, картопты тазалап, майдалап турап жабыстырып қойдым. Солай жасаса тез кетеді дегенді естіп алып, бірақ кетпеді.



Сол түрмен кездесуге бетім торсиып шықтым, көбіне ол әңгімесін, өзі туралы айтып берді. Сол кезде ғана спортшы екенін білдім. Оған дейін тіпті парақшасына қызығып қарамаппын да. Мен үнсіз отырдым. Оның ақкөңілділігі, ашықтығы, тап-таза, ұқыпты киімі, әппақ нұрын шашқан түрі, өзгеше әрі шынайы күлкісі. Әлі ұмытпаймын. Қызығы, бетімдегі прыщикті мүлде байқамапты, негізі оны байқамау мүмкін емес!

Бір сағат өтпей, "менің тағы істерім бар" деп кетіп қалдым. Негізі отыра бермейін деген оймен тез кеткен едім, ол "ұнамай қалдым-ау" деп уайымдапты.

Жан-жарыммен осылай танысуды Аллам бұйыртыпты. Кейде ойлаймын, Алла біздің қосылуымызды қалап тұр, егер Астанада болмасам да бізді басқа жолмен жолықтырар еді ғой иә деп. Бұл - тағдыр".


Фаризаның бұл жазбасын оқыған оқырмандары оларға жақсылық тілеп, жұптарының жазылмауына тілектестіктерін білдіруде. Ал жоғарыдағы жазбаны оқыған Дархан Нортаев әзілдеп "Олай емес! Өзі жазды маған десең" деген пікір қалдырған.