"Грубая Одри": Әлемдік жұлдыздан айнымай қалған Сәдуақасова жұртты шок қылды

0
1 720

"Ешқандай Одриді көріп тұрғаным жоқ, обычная Мадина. Кешіріңіз, біздің стилистер никак ұқсата алмайды. Вот, Россияныкі пожалуйста, точь в точь ұқсатады" - дейді желі қолданушысы.


Өзін әртүрлі образдан көрсететін Мадина Сәдуақасова өзіне айтылатын негативке аса мән бере қоймайды. Онысын оның образдарының батылдығынан байқауға болады.

Бүгін әлеуметтік желіге ол өзінің "жаңа бейнесін" жариялап, "Өзім көріп өзім таңқалдым... ұқсастық
Стилисты постарались или реально похожа?" деді.

Десе де оқырмандарының көбі оның бұл образына да негативті қарша боратқан. Олар "Грубая) Одри нежная", "Ешқандай Одриді көріп тұрғаным жоқ, обычная Мадина. Кешіріңіз, біздің стилистер никак ұқсата алмайды. Вот, Россияныкі пожалуйста, точь в точь ұқсатады", "Жоқ ұқсата алмадым образын келтіруге тырысқан бірақ қарапайым Мадинасыз" деген сынды ойларын жазған.

Олардың негативін оқыған әншінің кейбір әріптестері оған қолдау білдіріп, оқырмандардың сөзіне құлақ аспауға шақырған. Мысалы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова "Ауылдағының аузы сасық деп, өз қыздарыңызға, өз қазағыңызға не деген өшпенділік. Мадикоштың әдемілігіне сөз жоқ. Мадина сияқты қыздары болса шетел абыройын асырып сұлулығына мақтанушы еді. Бірақ көреалмаушылық қанымызда бар ғой, баяғы ата-бабамыздан бастап. Абай Құнанбаевтың досы да күніге үйінен шықпай жүрген, у берген жоқ па? Солардың ұрпағымыз ғой. Қазір көзі ашық, көкірегі ояу заманда әлі де қараңғылықтың зынданынан шыға алмай жүрген қаншама адам" деп жазған.