​«Ішкиімсіз билегім келеді»: Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұрудың артықшылықтарын айтты

0
8 896

«Олар біздің кеткенімізге қуанды»


​«Ішкиімсіз билегім келеді»: Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұрудың артықшылықтарын айтты

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек енесімен қарым-қатынасы жайлы ағынан жарыла әңгімелеп берді.


«Жер сілкінісінен кейін бір жарым ай ата-енеміздің үйіне барып тұрдық. Ол кісілер бізді қуана қарсы алды, бірақ өз үйімізге қайтқанда екі есе қуанған шығар. Себебі біздің екі баламыз, ол екеуіне екі күтушіміз бар, екі итімізді қосып алғанбыз. Оның бәрін бір үйге сыйғызу, қонақ ету оңай емес. Бірге тұрған күндеріміз жақсы тәжірибе болды, бірақ бөлек тұрғанның рахаты басымдау.


Менің енем керемет адам. Бірақ мен онымен бірге тұруды қаламаймын. Бірге тұрсаң өмір бойы бала боп қалуың мүмкін. Мен өз үйіме өзім қалаған ыдысты алғым келеді. Кейде ішкиіммен немесе ішкиімсіз билей салғанды ұнатамын. Өз үйімде ешкімнен қысылмай, қымсынбай өмір сүрсем деймін. Қазіргі өмірім сондай, қаласам түске дейін ұйықтап аламын. Үйімді көңілім түскенде ғана жинаймын және ол үшін өзімді жазғырмаймын.


Негізі бала ата-анасынан көргенін істейді, сондықтан кішкентай кезінен олардың бір-біріне деген махаббатын, еркелеткендерін, құшақтасып, сүйіскендерін көріп өсуі тиіс. Болашақта мен де қыздарымның ата-енесінен бөлек тұрғанын қалар едім. Әр әйелдің өз асханасы, өзі билеп-төстейтін үйі болуы тиіс», - деді Айсәуле Бақытбек.


Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек елге белгілі онколог-дәрігер Диляра Хайдарованың келіні. Ол қазір екі қыз тәрбиелеп отыр.