«Қайтыс болғанда өзім кіріп, көрдім»: Индира Елемес композитор Арман Дүйсеновтың қазасы жайлы айтты

0
17 088

«Аптасына бір мәрте бейітіне барып, Құран оқып тұрамын»


«Қайтыс болғанда өзім кіріп, көрдім»: Индира Елемес композитор Арман Дүйсеновтың қазасы жайлы айтты

Әнші Индира Елемес «Қызықты уикенд» бағдарламасында ұстазы, композитор Арман Дүйсенов жайлы айтып берді.


«Қателеспесем, 2015-жылдан бері отбасымызбен жақсы араластық. Өмірден өтерден бір күн бұрын көрістік. Сөйлестік, әңгімелестік. Сонымен, таңертең «ағаң кетіп қалды» деген хабар келді. Негізі екі күннен кейін Стамбулға кететін болған. Тіпті билетін де алып қойған еді.


Күнде тілдесетін, осы студияда бірге жұмыс жасаған, қаншама әндерді талқылап, шығармашылығыма үлкен үлесін қосып жүрген адамнан бір күнде айырылып қалу, ол кісі туралы айту әлі де қиын. Қайтыс болғаннан кейін өзім кіріп, көрдім. Ол картина көз алдымнан кетпейді», - деді Индира Елемес.


Әнші аптасына бір мәрте композитордың бейітіне жолдасымен бірге барып, Құран бағыштап тұратынын жеткізді. Сондай-ақ Арман Дүйсеновтың әйелімен тығыз байланыста екенін айтты.


«Қызы Лондонда оқитын еді. Оқуын бітірді. Қазір жұмысқа орналасайын деп жатыр. Үлкен ұлы үйлену керек болатын. Осы жағдайдан кейін шегеріп отыр. «Жылдық асы өтпейінше, жасай алмаймыз» деп шегеріп отыр. Негізі сол кезде үйленуі керек болатын. Кіші ұлы мектепте. Айсұлу ханымға өте ауыр, қиын. Ол кісі «Әлі де өмірден өткеніне сенбеймін. Келіп қалатын сияқты. Енді жоқ екенін сезініп жатырмын» дейді. Қызы да тұрмысқа шыққалы жатыр», - деді Индира Елемес.