"Қалай билегенімді білмей қалам": Индира Расылхан орамалға келгелі биді қоя алмай жүргенін мойындады

1
1 808

Әнші әр той алдында өзімен іштей келісімге келетінін айтады.


Белгілі әнші, қазіргі психолог, мотиватор Индира Расылхан өзінің би десе делебесі қозатынын жасырмайды. Әсіресе орамалға келгелі онысын қою қиынға соғып жүр екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Индира Расылхан: "Әр тойға барар алдында, өзімді қамшылап барамын. “Индира! Тойда орамалмен билегенің ұят болады, билемейсің”- деп. Вроде бы “болды, болды” деп ішкі Индира келіскендей болады. Біраз уақыттан соң қалай билегенімді білмей қалам ғой. Мен сияқты би десе делебесі қозып тұратындар бар ма?

Әпкемнің баласы ғой, күшті билейді иә? Жездем күшті билейді. Ұнады ма?".

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары әртүрлі өз ойларын айтып, таласқа түсуде. Кейбірі би билеудің әбестігі жоқ десе, келесі бірі мұсылмандарға сын екенін жазған.

Мысалы бірі "Индира ханым.Орамалды не үшін тағасыз түсінбеймін. Орамал тақсаң Аллаға жақын боласың деген дұрыс емес сияқты. Аллаға жақын болу үшін ниетіңіз, пейіліңіз, жүрегіңіз таза адал болсаңыз міне сол мұсылман деп ойлаймын. Мейірімділік,махаббат....осылар сіздің бойыңызда болса, бес уақыт намазыңызды қаза қылмасаңыз болды емес пе?Би билеу, жан-жағыңа қуаныш көңіл-күй силау бұл мен үшін жақсылық. Бидің де неше түрі болады ғой. Сіздің билегеніңізднен еш анайылық көріп тұрған жоқпын.Тек арабтар құсап орамалды тағып алып осылай болып қалды дегенді мүлде ұқпаймын" десе, тағы бірі "Болмайды ғой билеуге, бірақ нәпсіні жеңіп кету қиын. Күресу керек" деп жазған.