​«Қатыным болатынын бірден білгем»: Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы жұбайымен танысқан кезін еске алды

0
8 463

«Ол кісіде «Жеңістің шешесі» деген паспорты болатын»


​«Қатыным болатынын бірден білгем»: Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы жұбайымен танысқан кезін еске алды

Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы «Алғашқы» бағдарламасының қонағы болып, отбасылық өмірі жайлы айтып берді.


«Әйелім Алманы бірінші курсқа оқуға түскен кезде көргем. Ол кезде мен мейрамхана ән салам, түнде жұмыстан шыққанда курстас жігіттер келіп, «бірінші курсқа қыздар келіпті, барып таныспаймыз ба» деп ертіп кетті. Алманы бір көргеннен ұнаттым, аяқ-қолы балғадай болатын, томпақтығым ұнады. Содан жатақханадан шығып бара жатып «мына сары қызға ешкім жоламасын» деп айтып қойдым.


Содан арасында бөлмесіне бас сұғып, «мына қыз қайда» деп жанындағылардан сұраймын. «Сабақта шығар» дейді олар. «Ладно, сәлем айтыңдар, ол менің болашақ қатыным ғой» деп кетем. Сөйтсем Алма «болашақ қатыным» дегенім үшін бұлқан-талқан боп ашуланып «какой қатын, сволочь...» деп сыртымнан сыбап алады екен.


Алма шешемнің көңілінен шықты. Көрген кезде бірден бас бармағын шошайтып «мынауский» екен деп баға берді. Әйелім бәріне ұнады. Кәсіби күйші болса да менімен жағаласпай, өнерін отбасылық өмірге айырбастап, бала-шаға тәрбиесінде болды. Ол шешіміне өкінбейді» деді Жеңіс Сейдоллаұлы.


Әнші сондай-ақ марқұм ата-анасын еске алды.


«Әкем бейнетінің зейнетін көре алмай, ерте қайтыс болды. Ал шешем бәріміздің өсіп-өнгенімізді көріп, 85 жылдық тойын өткізіп, сосын кетті. Шешем бір күні пойызға мінген ғой, содан кіре сала жолсерікке «ыстық шай әкелші» депті. Жолсерік «кіргеніңіз жаңа ғана ғой, кішкене жайғасып алыңыз» десе «Әй, сен білесің бе, мен Жеңістің шешесімін ғой» депті. Баласын бәрі таниды деп ойлап қалған ғой. Шешем базарға барса да «арзандатып берсейші, мен Жеңістің шешесімін ғой» деп саудаласады екен. «Жеңістің шешесі» деген паспорты болған сондай» деп анасын сағынышпен еске алды Жеңіс Сейдоллаұлы.