«Қазақ эстрадасында жезөкше қыздар бар»: Айгүл Елшібаева өнердегі шындықты жайып салды

0
1 715

«Кімнің кім екенін халық біледі»


«Қазақ эстрадасында жезөкше қыздар бар»: Айгүл Елшібаева өнердегі шындықты жайып салды

«Қазақ эстрадасында жеңіл жүрісті қыздар бар!" Дәстүрлі әнші-жыршы Айгүл Елшібаева журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өзінің талантына сенбейтін, тек елдің көзіне жылтырап көрінгісі келетін қыздар осы жолды таңдайды.


«Колчак деген өнер адамдарын кез келген билікке қызмет ететін жезөкше деп айтты. Сол менің де көңіліме тиеді. Себебі мен де өнер адамымын. Мысалы мен билікке немесе әлдекімдерге жағымданбаймын. Өзімнің көңілімде барды, жанымды қозғаған нәрсені әлеуметтік желіде ашық жазамын. Сондықтан, өнер адамдарының арасында жезөкше қыздар бар. Оны халық айтып та, көріп те жүр. Кімнің кім екенін халық біледі. Өзінің талантына, бойындағы өнеріне сенбеген адам сондай жеңіл жолмен шығады. Өзім де оны көріп жүрмін. Оны ешкімнің бетіне айтпаймын. Құдайдың алдында өз күнәсін өзі көтереді», - деді әнші.


«Демек, сахнаға төсекпен келеді деген сөз рас боп тұр ғой, иә?» деген журналистің сауалына:

– Мысалы мен домбыраны серік еткен дәстүрлі әншімін. Ал домбырада салт-дәстүр, ұлттық таным-түсінік жатыр. Шариғаттың қағидаларын бойына сіңіріп өскен адам олай жасамайды деп ойлаймын. Ал басқа жанрларда ән айтатындар, айтатын әнінің өзі нәпсәни болғандықтан нәпсіқұмар адамдар оларға жүгіреді. Өз қалауымен солай болады, - деп жауап берді.