Қазақ қызы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

0
1 334

"Құралайға "Қазақстан дауысын" осы бастан бере салу керек!"


Қазақ қызы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

«Қазақстан дауысы» жобасында «Қорқыт қобыз» әнін шырқап, талайды талантымен тамсандырған Құралай Мейрамбек "Best of the Voice" әлемдік рейтингінің үздік 10-ғына енді.

Қазірде қазақ қызының өнерін бүкіл әлем тамашалауда. Бұл жобаға 50-ден астам мемлекет қатысып жатыр. Яғни, мыңдаған қатысушының ішінде үздік ондыққа енген Құралай «Мақсатым – қазақты әлемге таныту. Қазақ жастарының орындауында қазақ әнін әлем жұртшылығы тыңдап жатқанына өте қуаныштымын», - дейді.

Ал «Қазақстан дауысындағы» тәлімгері Сәкен Майғазиев 18 жасар Құралайдың жеңісі бүкіл қазақ елінің жеңісі деп білетінін жеткізді.

Құралайдың жеңісіне желідегі тыңдармандары да қуануда.«Мен үшін Қазақстан Даусы 2021, ол –анық», «Құралайға "Қазақстан дауысын " әзірден-ақ бере салуы керек. "Қобыз" әнін күніне 10 рет тыңдаймын» деген сияқты пікірлерді оқуға болады.