​Қазақстанда 97 Ерке Есмахан, 45 Серік Ибрагимов бар

0
5 529

Қазақстанда 97 Ерке Есмахан бар. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де шынайы ақпар осы! Бірақ әзірге бір Еркеден басқасы әлеуметтік желіде өмір сүреді. Мароккодағыдай әлеуметтік желіге біреудің атынан тіркелгенің үшін соттамаған соң, әзірге ол жақ біз үшін иесіз алаң болып тұр.


​Қазақстанда 97 Ерке Есмахан,  45 Серік Ибрагимов бар

Қазақстанда 97 Ерке Есмахан бар. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де шынайы ақпар осы! Бірақ әзірге бір Еркеден басқасы әлеуметтік желіде өмір сүреді. Мароккодағыдай әлеуметтік желіге біреудің атынан тіркелгенің үшін соттамаған соң, әзірге ол жақ біз үшін иесіз алаң болып тұр. Оны пайдаланған кейбірі әншілерге жанкүйер болып фан-клуб ашса, енді бір пысықайлар адам жинап жарнамамен айналысады. Тіпті өткен жылы Димаш Құдайбергенов болып сұқбат берген фейк естеріңізде болар?!

Әзірге оларды жоятын құдірет жоқ бізде, дегенмен сақтанып жүрсін деген оймен бүгінгі «Күнделікте» фейк аккаунттар туралы айтамыз.

Сұлу Ерке Есмаханның атымен инста желісіне 97 адам тіркелген. Оның он беске жуығы фан-клубтар, ал қалғанын өзіңіз бағамдай беріңіз?!

Ал Еркенің дуэттерінде тамаша микс жасаған серіктесі Төреғали Төреәлінің 87-сін таба аласыз. Оның ішінде Ерке мен Төреғали, Төреғали мен Толқын деп тіркелген жанкүйерлердің парақшалары да бар. Әрбірінде кемі 5000 оқырман табылады.

Атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатов болып 10 парақша табылады. Бірақ аккаунт иелері аса белсенді емес сияқты.

Әннен киноға көшіп келе жатқан Қайрат Нұртастың әлеуметтік желі де 94 парақшасы бар. Бірақ шатастырмаңыз, оның біреуі ғана өзіне тиесілі.

Әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайберген есімімен 96 парақша жұмыс істеп тұр. Оның көпшілігі жанкүйерлерінің фан-парақшалары.

Сүйіктісімен "Вокзалда жолықпаған" Серік Ибрагимовтың 45-ін тек инстаграмнан таба аласыз. Ол парақшалардың біреуі ғана ресми, ал қалғандары фанаттар мен өзге де желі қолданушыларының ермегі сияқты.

Қыздардың сүйіктісіне айналған Нұрболат Абдуллинге арналған 12 парақша бар. Өзінің ресми парақшасынан бөлек 3 фан-парақшасы жұмыс істейді.