Қазақтың ЕКІ ҚЫЗЫ инстаграмда оқырман көбейтудің 5 ҚҰПИЯСЫН айтты

0
4 079

Қазақтың екі қызының нөлден басталған парақшасы бір айда 11 мың оқырман жинап үлгерді. Қалай?


Қазақтың ЕКІ ҚЫЗЫ инстаграмда оқырман көбейтудің 5 ҚҰПИЯСЫН айтты

Қазақтілді блогерлердің дамуына өз үлесін қосуды қолға алған @insta_kampit парақшасының ашылғанына небәрі 1 айдан асты. Бір айда 11 мың оқырманды оңай жинаған парақшаның оқырман саны сағат сайын көбеюде. Дәл қазір оқырман саны 17 мыңнан асып кетті.

Парақшаның жүргізушілері Құралай @shuakh мен Эльвира @elvira_ergalina аккаунтыңызға бір көргеннен ғашық болу үшін не істеу керек екенін «айтып», бұл жөнінде олар @insta_kampit парақшасында былай деп кеңес береді:

Профильді толтырып, фотоны жүктеп, сауатты мәтін жазып қойдыңыз...
✔Міне-міне адам қаптап, патырлай жазылып, қызметіңізді сатып алып, таныстарының бәріне айтатын сияқты көрінеді.
Бір пост жазып алып, "неге жазылмаяцыңдар, еу?" деп отырмай, клиент көбейтетін реттілікті орындау керек. Ол – үлкен еңбек.
✔Бейтаныс адамдардың аккаунтыңызға жазылып, соңында фанатыңызға айналуына әкелетін 5 қадам маңызды.


1 қадам ТАНЫСУ
Сізді көреді, танысады.
Сторисіңізді көріп қала ма, ТОПтан байқай ма, құрбысы жібере ме, кенет аккаунтыңызды кездестірді. Профильіңіз тартымды болу керек. Сонда ғана екінші қадамға көшеді.
2 қадам ЖАЗЫЛУ
Егер профиль ұнаса, жазылады.
Әрине, парақшаңыздан қандай да бір ақпар, білім, пайда алатынын білгесін ғана. Сол үшін парақшада конкурстар, вебинарлар, sfs, марафондар, тегін өнім/тауарлар болып тұру керек.
3 қадам МАҚСАТТЫ ӘРЕКЕТ
Лайк басып, коммент жазып, сақтап алады.
Үшеуі де болады, егер:
▪актуалды, пайдалы ақпарат;
▪тартымды контент;
▪пайда, мотивация, шабыт;
▪пікір алмасуға, лүпілдетуге, сақтап қоюға шақыру болса.
4 қадам ҚОҢЫРАУ
Фолловеріңіз әр жаңа постыңыз шыққанда сылдырлайтын қоңырауды (уведомление) қосады.
Демек, сіз сүйікті блогерге айналғансыз. Оқырмандарыңыз пайдалы, қызық контентті өткізіп алмаудың амалын жасайды.
5 қадам РЕКОМЕНДАЦИЯ
Әрине,
▪сіз туралы таныстарына айтады, кеңес береді;
▪сіз туралы сториында айтуы мүмкін, лентаға пост жазар;
▪қызметіңіз не тауарыңызды қолданады, ол туралы пікірін қалдырады.
Тұрақты клиентіңіз деуге болады.


Ал, оқырман, сіздің инстаграмда парақшаңыз бар ма? Оқырман саны қанша? Неліктен оқырманыңыз аз деп ойлайсыз?

Фотолар: @insta_kampit

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Айнұр Тұрсынбаева: «...Елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!»


Іш киіммен билеген қазақ аналары жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)


Әнші Мадина кіммен кездескісі келеді? (видео)