Айнұр Тұрсынбаева: «...Елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!»

0
11 671

"Заң жұлдызға да, қара халыққа да бірдей", "Неге сотталмауы керек? Әнші болғаны үшін бе?"деп көпшілік ашуланды айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның сөзіне.


Айнұр Тұрсынбаева: «...Елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!»

Әнші Гаухар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Өнер адамдарының барлығы дабыл қағып жатыр. Соның ішінде айтыскер Айнұр Тұрсынбаева «Елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!» деп жазды инстаграм парақшасында.


aidyn_nury: «Данышпансып ештеңе демей-ақ қояйын... Бірақ ел болып, жұрт болып өнер үшін жаралған жүректі қаматып тастап қарап отырғанымыз сүйегімізге таңба!!! Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар... Келесі кім?! Құрбысын да кіналағым келмейді-ақ.. Бірақ Алла разылығы үшін кешіріп жібергеніңізде Алланың шексіз нығметіне бөленер едіңіз ғой, қап..Не болды енді?! Бәлкім бір қорқытып та қойғыңыз келген шығар... Гауxардың өзі де бұлай боп кетеді деп ойламаған-ау...
Мұқтар Шаxановтың "Әке үкімі" деген өлеңін оқыңыздаршы... Маxамбеттей ақынды өлтірген жауызға өз туған әкесі үкім шығарып тұрып айтқан сөзі бар:
"Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан адамды,
Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!" Ақша жиналар... Гауxар апамыз бостандыққа шығар... Бірақ өнер үшін жаралған нәзік жүрек бұл сынақты көтере алар ма екен?! Мынадай әуезді әндер енді ол жүректен шығар ма екен?

Заң бәрімізге бірдей... Бірақ елдің еркелеріне деген құрмет қайда?! Қазақ ән өнеріне сіздей үлес қосқан қыздар аз! Мұзарт "Бір тамшы көздің жасындай" деп ән салғанда үзіліп тыңдаған жанкүйер жұрт қайда?! Қыздың қарғысынан қорқатын қабырғалы қазақ қайда?! Жанашыр ағалар қайда?! Осынша қатыгездікке кім үйретіп жатыр бізді?! Бұл қазақ өнері үшін ең қасіретті күн... "Бір тамшы көздің жасындай" мөлдіреп кете бардыңыз ау жаным апке.. Жылы төсегімізде жатып жанымыз ауырып жатыр.. Сұп-суық қабырғалардың арасында жаурап жатқан шығарсыз... Сәл шыдаңыз..! Халықтың ерекше ыстық ықыласын сезіну үшін осы сынақ керек те болған шығар...»


Айнұр Тұрсынбаеваның сөзін қолдағандар да, оған ашуланғандар да көп.

«Неге сотталмауы керек? Әнші болғаны үшін бе? Халық еркелетсе халыққа деген алғыс болу керек қой», «Айнұр ханым, мүмкін сіздікі де дұрыс шығар... бірақ көпшілік айтқандай ол да қара халықтың бірі болсын, жұлдыз деп төбеге шығарғанда сол халық... кешіре салатындай сізге 40 теңгедей болса құрбысына ол көп ақша, маңдай тері, еңбек ақысы... сонда жұлдызбын деп біреудің ақысын жей салуға бола ма? Жеңілдің үстімен ауырдың астымен жүру оңай, оның жазасы бар екенінде ұмытпай керек. Қолымен жасағанды мойнымен көтерсін, Заң жұлдызға да, қара халыққа да бірдей» дейді көпшілік.


Ал, сіз ше? Елдің еркелеріне заң басқаша шешім қабылдау керек деп ойлайсыз ба?

Видео мен фото: @aidyn_nury

ERNUR.KZ