«Қазіргі әншілер хайп үшін хиджап киеді»: Қалдыбек Құрманәлі орамалды ойыншық қылғандарды сынап тастады

0
2 925

«Әншілер жарнама жасап бәрін сатып аламыз деп ойлайтын шығар»


«Қазіргі әншілер хайп үшін хиджап киеді»: Қалдыбек Құрманәлі орамалды ойыншық қылғандарды сынап тастады

Хиджапты ойыншық қылған өнер иелерін сазгер Қалдыбек Құрманәлі сынап тастады. Оның ойынша, бұған бірінші себеп әншінің тойға мүлдем шақырылмай қалуы. Ал екінші жағдай — бизнесі жүрмей, ақшадан тарығуы.


Олар хиджап кию арқылы аңқау жұрттың аяушылығын тудыруға тырысатын көрінеді. Кейін жағдайлары түзелген соң орамалдарын оп-оңай шеше салады екен. Бүгінде хиджаптан бас тартқан әншілердің қатарында Алтынай Жорабаева, Роза Әлқожа мен "KeshYOU" тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағанбет бар, - деп хабарлайды kaz.exk.kz.

"Хайп қуып хиджап кисе де, орамалмен ойнамаңдар" деп айтқым келеді. Әншілер жарнама жасап бәрін сатып аламыз деп ойлайтын шығар. Олар енді Құдайды да алдағысы келеді. Түбінде оларды Құдай қарғайды. Кезінде орамалды қазақтың аналары кіршіксіз аппақ көңілмен тағатын еді. Қазір кім көрінген тағады. Дінге бет бұрдық деп орамалды бірде киіп, бірде шешуге болмайды. Мазақ қылғандарды Құдай ұрады. Орамалды ойыншық еткендердің көбі — кезінде қара нанға зар болып жүрген бейшаралар. Текті жерден шыққандар бұндай қадамға бармас еді", дейді сазгер Қалдыбек Құрманәлі.

Жақында әнші Аша Матай әріптесі Мөлдір Әуелбековаға еліктеп хиджап киген еді. Алайда оның мұсылман киімін тек суретке түсу үшін ғана кигені белгілі болды. Дәл сондай әрекетті Ерке Есмахан да жиі жасайды.