​«Кофе ішу үшін шетелге барып келем»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бақуатты өмірін айтып мақтанды

0
9 372

«Менің ойымдағы сыйлықты әлі ешкім тапқан жоқ»


​«Кофе ішу үшін шетелге барып келем»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бақуатты өмірін айтып мақтанды

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы, блогер Дина Төреәлі туған күніне ерекше сыйлық күтетінін айтты.


«Жақында бір сылқымның туған күні. Дәл қазір бұрынғы кездерім есіме түсіп отыр. Мен үйдегі туған күнді асыға күтетін, қатты жақсы көретін адаммын. 90 күн қалды деп санап жүретінім есімде. Үйде бес-ақ адамбыз. «Төртеуің маған 5 сыйлық дайындайсыңдар, сол кезде көп болады» дейтін едім үйдегілерге. Миымда неше түрлі идея бар. Сонымен армандап жүремін, «маған біреу осылай істесе ғой» деп. Бірақ ешкім таппайды» деді әншінің қарындасы.


Ол сондай-ақ өзіне туыстары сыйлаған қымбат сыйлықтарды атап көрсетті.


«16 жасымда салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді. Осыншалықты үйдің еркесі болғаныма қазір таң қаламын. 18 жасыма Астана қаласынан, «Экспо» гүлзарынан 3 бөлмелі пәтер әперді. Тәтемнен, жездемнен еш себепсіз бренд киім-кешек ала беретінмін. Құрбыларыммен кофе ішіп қайтуға шетелге ұшып кете салатын әкесінің ерке қызы болдым. Осындай балалық шағым үшін, ертегідегідей өмірім үшін, әр сүрген күндерім үшін шүкіршілік етемін. Мен үшін, менің көңілім үшін, әр еткен еңбегіңіз үшін рахмет, әке!


Ал қазіргі Дина бір әулеттің келіні, ең керемет азаматтың асыл жары, ең тәтті балапанның сұлу анасы. Менің ендігі армандарымның орындаушысы – менің арқасүйерім» деп жазды Дина Төреәлі.