"Қолдан келгенін жасаймын": Қайрат Нұртас әйеліне ерекше жазба арнады

0
2 539

Әнші сезімім жыл өткен сайын күшеймесе, әлсіреген емес дейді.


Хитмен әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримованы туған күнімен құттықтап, желіге бірге түскен суреттерін жүктеді.

"Жұлдызым, қаншама жыл бұрын жүрегімді қозғаған саған деген сезімім жыл өткен сайын күшеймесе, әлсіреген емес. Жеткізуге сөзім жетпесе де жүрегің сезеді деп сенемін!

Ұрпағымның анасы, көңілімнің көктемі мен сені бұрынғыдан да жақсы көрем. Сенің бақытты сәттеріңнің көп болуын Алладан сұраймын, қолдан келгенін жасаймын. Туған күніңмен!" - дейді ол.


Олардың бірге түскен суреттерін көрген жанкүйерлері де махаббаттарына риза болып, ізгі тілектерін жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше уақыт бұрын оларды ажырасты деген ақпарат тараған еді.