«Күйеуіме екіншісін алуға рұқсат бердім»: Жұлдызай Дүйсенбиева тоқалдыққа қарсы еместігін айтты

0
2 937

«Ол да ойланып қалды»


«Күйеуіме екіншісін алуға рұқсат бердім»: Жұлдызай Дүйсенбиева тоқалдыққа қарсы еместігін айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мәлімдеді. Айтуынша, мұндай қадамға қазақтың санын көбейту үшін барып отыр. Бұл туралы актриса Talim TV Online арнасында жарияланған "Бір дубль" подкастында айтты.


Актрисаның айтуынша, соңғы кездері көптеген таныстары бақилық болған. Бұл жайт Дүйсенбиеваға ой салып, тіпті өмірге деген көзқарасын өзгерткен.
"Соңғы екі күн ұйқы жоқ. Өткен күндері мүлдем ұйықтаған жоқпыз. Бала-шағамызбен таңғы 7-ге дейін бақырайып жаттық. Таң намазын оқып болып, сабама түсіп барып ұйықтап жүрдім. Көзіміз жұмылып кетсе, біреу атып кететін сияқты. Көп нәрсеге көзқарас өзгерді", – дейді Дүйсенбиева.

Осы ретте 8 жыл отасқан күйеуінің қатты сырқаттанып қалуы актрисаның ойын сан-саққа жүгірткен. Бір қыз тәрбиелеп отырған Дүйсенбиева "жолдасыма ұрпақ сыйлап үлгермесем ше" деген ойдың "түбіне" түсіп кеткенін айтты.

"Екі күн ауырды. Күйеуіме: "Жазылғаннан кейін сен тоқал алшы", – деп айттым. Бізде бір ғана қыз. Жасыратын ештеңесі жоқ, жасым 40-тан асты, беретін де, алатын да бір Алла. Ертең ұрпақсыз қалып кетсе, бір өзім жаныма байлап алып деп қатты уайымдадым. Күйеуіме айтсам, ол да "жоқ" демеді. Ойланып қалды. Қалай болады деп мен ойлап кеттім.

О бастан қарсы болған адам емеспін. Тек қана маған болу керек, менімен өмір сүру керек дегеннен аулақпын. Әркім өзі біледі ғой. Менің сөзіме көп әйелдер ренжуі мүмкін. Бірақ түбін ойлайтын болса, барлық әйел келіседі ғой", – дейді Дүйсенбиева.
Актриса қазақтың санын көбейту үшін екінші әйелге қарсы еместігін жеткізді. "Жақсы азаматтан жақсы ұрпақ қалу керек деген ниет қана",
– деді ол. Сондай-ақ Жұлдызай мұндай байламға оқушы кезінде келгенін атап өтті.


Желідегілерге, әсіресе, қыз-келіншектерге Жұлдызай ханымынң тоқалдық туралы ойы онша ұнай қоймаған сияқты.

«Сен тумасаң халық кінəлі ме, отбасы бола тұра да тауып беріп жатыр əйелдері, сенің ақылың-сыз ақ», «Басқа нарсе ойлап таппадың ба, қалғаны халықтың отбасын бұзу ма. Өз ойыңды мақтан етіп?!», «Әрине, рұқсат береді бір-ақ кыз туды, ұлы жоқ қой, жасы үлкен. Біз бір емес, 3 ұл тудық, тоқалдың керегі жоқ бізге, осы төртеуін асырап қарық қылып алсын, сосын тағы төртеу туып берем, отырсын тоқал деп айтуға шамасы келмей», «Сені жақсы көретін едім ,тоқал деген сөзіңнен кейін бір түрлі болып қалдым», «Қазіргі уақытта біздің қоғамда ер азаматтар бар бір семьяның жағдайын қамтамасыз ете алмай отырғандар…» деп жазды олар.