​«Қыз жетпей жүр ме?»: Қайрат Нұртасты әйелі 10 жыл бойы көпшілікке көрсетпейтінін айтты

0
651

«Өмір – алма-кезек, енді ол көрінбейді»


​«Қыз жетпей жүр ме?»: Қайрат Нұртасты әйелі 10 жыл бойы көпшілікке көрсетпейтінін айтты

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Абдукаримованың ерекше видеосы пайда болды. Алматыдағы сауда орталықтарының бірін аралап жүрген өнерлі жұптың әзілі көпшіліктің қызу талқысына түсті.


«Қыз жетпей жүр ме, не мынау, көкірегіңе қызды жапсырып алыпсың?» деп әйелі Қайраттың үстіндегі жейдесіне тиісті. Ал Қайрат оған «Запах женщины моей, я хочу остаться с ней» деп күлді.


«Көпшілік сені сұрап жатыр, «Қайратты неге салмайсың» деп айта береді. Мен оларға «Қайратты енді 10 жылдан соң көрсетем, себебі көз тиіп қалады» деп айттым. Бірақ жасы үлкен апаларымыздың өтінішін бойынша енді сені бір рет сториске шығарып қояйын» деді Жұлдыз Абдукаримова. Өз кезегінде Қайрат Нұртас «Тірімін, ең бастысы, жақсымын. Аллаға шүкір, отбасымның қасындамын. Тек енді Жұлдыз мені он жыл көрсетпейді. Өмір алма-кезек, сау болыңыздар» деп көпшілікке сәлем жолдады.


Желі қолданушылары жұлдызды жұптың бұл әзіліне әртүрлі пікір білдірді. «Қайрат сені 10 жыл емес, өмір бақи көрсетпеуі керек еді», «Жұлдыз деген жап-жақсы қыз. Жұбайымен, балаларымен бақытты өмір сүрсін», «Ел басына күн туғанда осылар жыртыңдауын қоймады», «Қайрат, қазақша-ақ сөйлей берші, орысшаны қатырмайсың», «Екеуі әдемі жарасады, мәңгі бақытты болсын» деп жазды көпшілік.