"Магнит сияқты маманы құшақтап, жабыса бересіз": Қайрат Нұртастың ұлы жұртты күлкіге қарық қылды

0
6 920

Хан: "Папа, сіз - магнит, ал мама - холодильник сияқты".


Қайрат Нұртастың ұлы кішкентай Ханның сөзі жұртты күлкіге қарық қылды. Ол әкесіне "Папа, сіз - магнит, ал мама - холодильник сияқты" деп айтқан. Бұл туралы Жұлдыз Абдукаримова өзінің парақшасында жазды.

Жұлдыз Абдукаримова: "Қонжығым! Жасы кіші болса да, ойы үлкен. Сөйлеген сөзіне таңқалып жүрміз. Өткенде әкесіне:
- Папа, сіз - магнит, ал мама - холодильник сияқты, - деген.
Әкесі таңырқап “Неге?” деп сұраса, “Енді сіз холодильникке жабысатын магнит сияқты маманы құшақтап, жабыса бересіз”, - деп састырған. "Бала тілі - бал" деген"
.

"Қатырған екен" деген оқырмандар күлкіге қарық болып, оның сөзін талдап жатыр. Олар оның сүйкімді түріне тамсанып, тәтті тілектерін де жарыса жазуда.