​«Махаббат деген жас айырмашылығына қарамайды»: Ерке Есмахан бақытты өмірінің құпиясын айтып берді

0
602

«Үй боп кету үшін үлкен еңбек керек»


​«Махаббат деген жас айырмашылығына қарамайды»: Ерке Есмахан бақытты өмірінің құпиясын айтып берді


Бүгінде күйеуімен Еуропаны аралап, қыдырып жүрген әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі тыңдармандарының сауалдарына жауап берді.


«Қазір ажырасу көп. Мәңгі бірге болыңдар, сендерден махаббат сезіледі» деп тілеген оқырманға Ерке былай деп жауап берді:

«Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айтайын. Қарап тұрсаңыздар біздің жас аралығымызға көп тиіседі. Мысалыға, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп жүрсіздер, неше түрлі тағдырға. Бұл дегенім, қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар деген сөз емес. Просто, бақыт деген жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу – үлкен еңбек. Сондықтан шаңырақ көтерген әр жанұяға бақыт тілеп өтейік. Ажырасып, басына сынақ келген әр жанға Алла бәрін қайырымен қылсын деп тілеймін. Тілектеріңізге рахмет. Алла бұйыртса екі дүниеде де бірге болу арман, мақсатымыз. Әумин!»

Раим мен Еркенің Англияның Castle Combe ауылына барып түсірген видеосына тыңдармандары жылы лебіздерін білдірді. «Менің атам мен апамның жасына жетіңіздер! Олар 103-ке келіп өмірден өтті», «Бәріне осы видеодағы ғашықтардың махаббатын тіледім», «Ерке енді егіздетіп, сегіздетіп туа берсін. Бақытты екені жүзінен көрініп тұр», «Бұл екеуінікі таза махаббат! Баянды болсын!» деп жазды көпшілік.