Мақпал Жүнісованың қызы ӘНШІ болғысы КЕЛМЕЙДІ

0
3 830

Елдің ерке қызы Мақпал Жүнісованың қызы неге анасының кәсібін жалғастырғысы келмейді?


Мақпал Жүнісованың қызы ӘНШІ болғысы КЕЛМЕЙДІ

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақтың халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға қызы Мерей әнші болғысы келмейтінін ашып айтты. Ол бұл туралы НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Анасының шығармашылық ән кештерінің бірінде Мерей Заманбек қызы ағылшын және қазақ тілдерінде ән шырқаған болатын. Алайда, жұлдызды қыздың бұл сахнада соңғы рет ән айтуы болуы мүмкін. Оның себебін Мақпал Жүнісова былай түсіндірді:

"Мама, мен ән айтпаймын" деді. "Әнші болғым келмейді. Оның себебі, фонограмма ғой. Фонограммамен айтып жүріп, жанды дауыста ән айт десе қайтем?" деген соң, жарайды дедім", - дейді әнші.

Естеріңізде болса, Мақпал Жүнісова қызының шетел асып оқуға түскісі келетінін, алайда қандай да бір шешім қабылдау қиын болып түрғанын айтқан болатын.

ERNUR.KZ