"Маңызды сөздердің бәрі құпия": Ақерке Бүркітбай күйеуі Али Окаповпен түскен суретін жариялады

0
7 481

Бұған дейін өнер иелері бір-бірлерінің суреттерін желіге салмайтын еді.


Карантин кезінде Роза Рымбаева келін түсіргенін барлық БАҚ жарыса жазған еді, десе де Али Окапов пен Ақерке Бүркітбай ол туралы мүлде ресми ақпараттар бермеген.

Ал жақында олар кішкентайлы болып, ұлан асыр етіп Бесік той жасады. Осы кезге дейін күйеуінің суретін салмаған Ақерке кеше бірге түскен суреттерін жүктеп, "Ең маңызды сөздер құпия, ал ең бастылар -үйде" - деп жазды.


Олардың бірге түскен суреттерін көрген жанкүйерлері қуанып, ыстық тілектерін жазуда. Олар "Әдемі, ақылды қыз бұйырған Әли інімнің бағы бар екен. Керемет! Бақытты болыңыздар" деген сынды құттықтауларын жеткізуде. Сондай-ақ осы кезге дейін бір-бірі туралы айтпағандықтан көпшіліктің ойында күдік те болғанын жасырмай "Бірге түскен суреттеріңіз жоқ болғанға, бірге емес пе деп уайымдап едім. Бақытты болыңыздар, сіздер үшін қуаныштымын. Бөпелеріңіздің бауы берік болсын. Бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім" деген ойларын пікірге қалдырған.