"Мұғалімдерге лайфхак": Танымал вайнердің әзілі қазнетті шулатты

0
2 850


Инстаграм әлемінде Eldana FourEyes (Эльдана Форайс) есімімен жақсы таныс вайнер Эльдана Сатыбалдиева өзінің жеке парақшасына ұстаздар мен оқушылар жайлы қызықты вайн жүктеген. Карантин кезінідегі онлайн оқуды әзілге айналдырған видео жұрттың көңілін көтерді.


Елімізде пандемияға байланысты өткен оқу жылында мектептер түгел жабылып, оқушылар онлайн оқуға көшкен еді. Білім министрі жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанын оқушылар тағы да қашықтан оқитынын айтты. Ұстаздардың онлайн сабақтарға дайындығы қазірдің өзінде басталған.

Эльдананың әзілге құрылған видеосында мұғалім мен оқушының онлайн сабағы көрсетілген.


"Онлайн оқу", - деп жазған вайнер.


Вайнердің бұл видеосы да оқырмандарын бей-жай қалдырмады. Желі қолданушыларының көпшілігі күлкілі екенін жарыса жазды.


"Мұғалімдерге лайфхак", "Иә, жақынды дәл осындай болады", "Ұстазы қандай болса оқушы да сондай", "Соңы бұлай болады деп күтпеген еді", "Неге бұрын көрсетпедің, мен де осылай жасайтын едім", "мынау жақсы екен" деп жазды көңілі көтерілген оқырмандар.


Еске салайық, Eldana FourEyes – Қырғызстан мен Қазақстанның аса танымал вайнері. Инстаграм парақшасында миллионға жуық оқырманы бар Эьдана қысқа әрі қызықты вайндарымен танымал. Ол вайндарындағы түрлі рөлдерді өзі сомдайды.


Тағы да оқыңыз: Актриса Айсұлу Әзімбаева тауға барып түгелдей шешініп тастады