"Еркіндіктің ерекше сезімі", - дейді актрисаның өзі.
Белгілі актриса Айсұлу Әзімбаева түрлі образдарға енуден жалықпайты жан. Елді шошытып, трасвестит болған суреттері де желіні біраз шулатқан еді. Енді тауға барып демалған сәтінен суреттер жүктеген. Жай демалыс емес, жалаңаштанған демалыс...
Актриса өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына таудағы демалысынан суреттер жүктеді. Аталмыш суреттер өнер иесінің оқырмандарын біраз шулатты.
"Ешкім көрмей тұрған кезде", - деп жазды актриса.
Қазақстандық актрисаның су жаңа суреттерін ұнатып, "керемет" деп бағалағандар да табылды.
"Әдемі, тек тікенек кіріп кетпесін", "Адамның сұлулығы мен табиғат", "Табиғатпен үндесіп кетіпсің", - деп жазды олар.
"Қандай мағына береді?", - деген желі қолданушысының сұрағына актриса "Еркіндіктің ерекше сезімі" деп жауап қайтарған.