​«Мылтықпен емес, гүлмен барды ғой»: Қуандық Рахым қырғыз ағайындарға ренішін білдірді

0
9 883

«Достықтың туын жықпайық»


​«Мылтықпен емес, гүлмен барды ғой»: Қуандық Рахым қырғыз ағайындарға ренішін білдірді


Әнші Қуандық Рахым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қырғыз әншісі Нурайым Ақылбекованың концертінде болған оқиғаға пікір білдірді.


Айта кетейік, Біржан Байбол есімді қазақ жігіті, әншісі Қырғызстанда өткен концертке бір құшақ гүлімен келіп, Нурайым Ақылбекованы құттықтауға сахнаға бара жатқанда, тәртіп сақшылары оны әншіге жолатпай, залдан қуып шыққан.


«Оу, қырғыз ағайын!!! Бұл не болды сонда? Мылтықпен емес, гүлмен келді ғой. Достықтың туын жықпайық бұлай. Бір қазақтың баласын, менің бауырым, шәкіртімді залдан қуып, итермелеп шығарып жіберген ұятты тірлік болып көрінді маған! Араларында не болғанын білмеймін, бірақ гүлін алып, тыңдарманы ретінде құрметін білдірсе болар еді қарындасымыз» деп жазды Қуандық Рахым.


Әншінің осы жазбасына қырғыз ағайындар пікір білдіріпті. «Кечириниздер бауырлар, бул бир уй булонун тайыздыгы, кыргыздын улуу салын унуткан, эсиргендер учун кечирим сурайбыз», «Нурайым озу чыгып кечирим сурасын. Казак эли мен Кыргыз элинен!», «Қуандық аға, бұл жерде басқа жағдайлар болған. Біржантайды жақсы көреміз. Ел қуып салған жоқ. Қайра күттү бұл дуэтти. Кыздын адамдары кууду. Нурайка да шок болды. Туура түшүнөлү. Күнөө Біржан мен Нурайда, элде эмес» деп ақталды көрші ағайындар.