​«Нұрбақытқа диета әсер етпеді»: «Диета.kz» тобына жаңа әнші келді

0
986

«Негізі жастармен шабыт өте керемет екен» деді әнші Жасұлан Базарбаев


​«Нұрбақытқа диета әсер етпеді»: «Диета.kz» тобына жаңа әнші келді

Елге «Ләйлім» әнімен танымал болған «Диета.kz» тобына жаңа әнші келді. Бұрын бұл топта бұрын Жасұлан Базарбаев пен Нұрбақыт Қарағай ән айтатын. Енді Нұрбақыттың орнына Дархан Қабыл деген жас әнші өнер көрсетеді. Бұл туралы «Диета.kz» тобының мүшелері "Инстаграм" парақшаларына жазды.


«Нұрбақыт қайда?», «Екінші жігіт қайда кеткен?» деген тыңдармандардың сұрағына топ мүшесі Жасұлан Базарбаев «Пенсияға шықты» деп жауап берген. Топтағы өзгеріс көпшілікке ерекше әсер еткен сияқты, «Нұрбақытқа диета әсер етпеген соң, диетасы дайын жігіт алғансыздар ма?», «Нұрбақыт екеуіңіздің фигураларыңыз жарасып тұрушы еді», «Біреуің бес литірлік Тассай, екіншісі 1,5 литрлік Тассай боп қалыпсыңдар» деп әзілдегендер өте көп.