​«Өмірімнің түбіне келіп тірелдім»: Актер Еркебұлан Тоқтар қарызға батқан кезін еске алды

0
3 125

«Еңбекпен тапқан ақшамды «қадап» тастадым»


​«Өмірімнің түбіне келіп тірелдім»: Актер Еркебұлан Тоқтар қарызға батқан кезін еске алды

Жас актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар «Инстаграм» парақшасында ешкімге ел білмейтін құпиясын жайып салды. Жастар арасында танымал әртіс лудоманиямен ауырған кезін еске алды.


«Достар, осыдан үш жыл бұрын, өмірімнің түбіне келіп тірелдім. Ол қалай болды? Бәрі ставка тігуден басталды. Жарты жыл бойы ұтып, анау-мынау шығыныма, таксиге төлейтін ақшамды тауып жүрдім. Бірақ, бірте-бірте «қадала бастадым. Еңбекпен тапқан ақшамды «қадап», кредитке кіре бастадым. Банк бермейтін болғасын, ақырындап микрокредиттік ұйымдарға бас сұқтым. Кім береді, солардың бәрінен алғанмын.


Әлі есімде, 5-желтоқсан еді, соңғы рет микрокредиттік ұйымнан 60 мың теңге берді. Соны 20 мың теңгеден үш рет салып, ұтылып қалдым. 9-желтоқсан мамамның туғанкүні еді. Өзімді сорлы адам сезіндім. Бір тиын ақша жоқ. «Қандай адаммын мен, әке-шешеме ел қатарлы сыйлық бере алмадым, інілеріме дені дұрыс аға да боп жарытпадым» деп күйіндім. Содан өзімді қолға алам деп, іштей серт беріп, спортты қолға алдым» деді Еркебұлан Тоқтар.


Ол осы тығырықтан өзін спорт пен дін алып шыққанын ашық айтты.


«Жаттығу залына баруға да ақша керек. Сол үшін тегін зал іздедім. Сырым Бектұрсын деген досым «кел, тегін жаттық» деді. Бірақ оған баруға да жолкіре керек. Айдын Жұмахан деген әнші досымды бірге жаттығуға үгіттеп, соның машинасымен барып жүрдім. Бірте-бірте тіл үйрендім. Одан кейін дінге қызықтым.


Спортта әжептеуір жетістікке жете бастадым. Үш айдан кейін медиа-боксқа қатысу туралы ұсыныс түсті. Бір украиналық боксшыны жеңіп, содан мені үлкен ағалар назарға алып, бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Келісім-шарт жасаса бастадық. Солай мен алдыңғы қарыздарымды жауып, қалыпты өмірге қайта оралдым.


Бұл видеомен айтқым келген нәрсем, қандай қиындыққа тап болсаңдар да еңбек пен әрекет керек. Өміріңнің түбіне келіп, тіреліп тұрсаң да берілме, біліміңді шыңдап, тығырықтан шығудың жолын қарастыру керек» деді актер.