«Онысы несі?!»: Күйеуінің көзінше Сәкенді сүйген Нұрғали Нүсіпжановтың әйелі сынға қалды

0
1 936

«Мен сияқты жас алсаң, қартаймайсың деп жатқан сияқты»


«Онысы несі?!»: Күйеуінің көзінше Сәкенді сүйген Нұрғали Нүсіпжановтың әйелі сынға қалды

Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші жас әйелі халық сынына қалды. Ол күйеуінің көзінше Сәкен Майғазиевтің бетінен сүйіп алған.

Бейнежазбаны Сәкен Майғазиев өзінің Іnstagram-дағы парақшасына жүктеген. Видеода оның Нұрғали Нүсіпжановтың жанына келіп, әңгімелескенін көруге болады. Сол сәтте 85 жастағы Халық әртісінің өзінен 45 жас кіші жас әйелі Сәкеннің құлағына бірдеңе сыбырлағандай бетінен сүйгенін байқайсыз.


Аталған бейнежазбаға пікір білдірушілер көп. Бәрі дерлік бұл жағдайды сынап әлек.


"Ұят болып қалды, қасында шалы отырып, істеп тұрғаны несі", "Жас жігітті сүйіп қалайыншы деген ғой", "Мен сияқты жас алсаң, қартаймайсың деп жатқан сияқты", "Мынаны түсінбей отырмыз" деген сияқты пікірлерін жазуда желідегі жұрт.