​«Өсекке иммунитеті мықты әйел»: психолог Ерке Есмаханның болмысын сипаттап берді

0
6 224

«Ол өмірден көп таяқ жеді»


​«Өсекке иммунитеті мықты әйел»: психолог Ерке Есмаханның болмысын сипаттап берді


Өзінен он екі жас кіші, әнші Раиммен бас қосқан Ерке Есмаханды құрбысы, психолог Айнара Байжан жер-көкке сыйғызбай мақтады.


«Бүгін Еркемен кездесіп, оның әйелдік магиясына таңғалдым ғой. Тағы бір нәрсеге көзім жетті: Еркенің бойында еркелік, әйелдік энергия, қылықтық көп. Әйелдің дәл сол қасиеті ер адамды қуаттандырады - еркелік, әйелдік энергия, қылық!


Ерке «расслабленный» әйел. Шарт қоймайды. «Ешкім мен қалағандай болуға міндетті емес. Мен де бәрінің ойынан, көңілінен шығуға міндетті емеспін. Өзіме не ұнайды, соны жасаймын!» дейтін әйел. Ешкімге өз ойын тықпаламайды. Өзгелердің ойына бола бас қатырмайды.


Ерке ұзақ әрі дауыстап күле алады. Ойын ашық айта алады. Өйткені сезімдері ояу. «Внутренняя девочкасы» ояу. Үйінің еркесі, әке-шешесінің бар мейірім-махаббатын ала білген.


Ерке эстет әйел! Өзінің сырт келбеті, тырнағы, шашы – бәрі күтімде. Әрине, ол жұлдыз! Бірақ концертсіз, үйден апталап шықпаған кездерін де көргенмін. Күтімі әрдайым өзінде. Иісі үйде жоқ болса жұпар!


Еркенің өзінің ішкі әлемімен үйлесімді үнемі қалап тұрады. Сыртқы факторлар, әңгіме, өсекке иммунитеті мықты. Ол да өмірден көп таяқ жеді. Бірақ депрессияға түсіп кетпей, керісінше, баня барып, тәтті тамақ жеп, Одри Хепберн сияқты әйелдер туралы фильмдерді қарайды. Күйзелістен өзін өзі алып шығады. Мужская энергиясы да жеткілікті. Шешім шығару қажет болса, проблема шықса, бірден осы жағы іске қосылады. «Мен әйелмін, нәзікпін» деп отырып алмайды» деді әншінің досы.


Психологтың бұл пікірін оқырмандары сан-саққа жүгіртті. «Ақшасы бар адам не істемейді, ақшасы жоқ болса қылықты да, басқаны да жинастырып қоясың, нан табу керек», «Әрбір әйел қылықты бола алады», «Бұл жас баланың басын айналдырып, соның алдында өтірік сызылып жүр», «Ерке шынында да қазақтың мақтанышы, бақытты болуға лайық қыз», «Еркені ерекше жақсы көрем, қарасаң көзің сүйсінеді» деп пікір білдірді көпшілік.