Сәкен Майғазиев екі жыл бұрын ақшақарға теңеген Аlem-ге көзәйнегін сыйға тартты

0
1 308

«Не еркек, не қатын екенін ажырата алмайсың» деген еді ол.


Сәкен Майғазиев екі жыл бұрын ақшақарға теңеген Аlem-ге  көзәйнегін сыйға тартты

Иә, белгілі әнші Сәкен Майғазиев «91» тобы туралы «Не еркек, не қатын екенін ажырата алмайсың» деп ашық пікірін айтқан болатын. Тіпті, эстрада әншісінің өткір сынынан кейін «91»-ліктердің ата-анасы Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевқа ашық хат жолдап: «Айналайын, Мейрамбек, Сәкен! Біздің жүріп өткен жолымыз сіздердікінен едәуір ұзақ әрі ғұмырлы. Біз бойына қазақы тәрбие мен рух ұялатып өсірген балаларымызға сенеміз! Бәріне уақыт төреші! Атам қазақ «болар баланың белін бу» деген. Артық әңгімені қойыңыздар! Сөзге тоқтайды деп үміттенеміз», - деп жазғаны жарияланған еді.


Енді инстаграмда 4 қыркүйекте басталған «Қазақстан дауысы» жобасының жаңа маусымының кезекті түсірілімінің арасында Сәкен Қордабайұлы Батыржанға (Аlem) «Жыбырлақ» деп ат қойып, туған бауырындай бауыр басып қалғаны туралы жазды. Олар бір-біріне көзәйнектерін сыйға тартты.

«Қайбір жылы «Тоқсан бір» туралы тоғыз пікір» деп жазба жарияланған едім. Құлыншақтардың ҚАЗАҚи отбасында тәрбиеленгенін, біраз орыстілді ҚАЗАҚтардың бетін бері қаратқанын, салауатты өмір салтын ұстанатынын, маскүнемдік пен нашақорлықтан аулақ екенін т.б. керемет қасиеттерін тізе келе: «Халық қаласа хан түйесін сояды, қызша боянудан, құлақ, мұрын тесуден аулақ болыңдар», деп ағалық ақылымды айтқан болатынмын. «Жаугершілік заманда бір үйдің жалғыз ғана ұлы болса сол балаға сырға таққан. Ол әулетте бұдан басқа еркек кіндік жоқ» деген белгі деседі. Дұшпаны да мәрт заман болған. Әлгі жалғыз ұл қапыда жаудың қолына түсіп қалса оған қару сермемеген», деп сендірді бір ағам. Қазір заман тыныш қой, - деп жазады әнші өз парақшасында.


Сәкен Қордабайұлының айтуынша, Alem - өзінше бір әлем. Ата-анасына қамқор, бауырмал, ақкөңіл, көпшіл, талантты, аға-әпке деп аңқылдап тұрады.

«Бір күні ата-анасына қоңырау шалып жатыр (бейнесін (образын), киім үлгісін, сырғасын елестете беріңіздер. «Мам, пап, мал сойып, ҚҰРАН оқыттыңдар ма?», деп қояды. Түріне қарасаң ҚАЗАҚша білмейтін бала сияқты. Адам адамды тану үшін, ол туралы пікір айту үшін ол адаммен сапарлас болуы, көрші тұруы, алыс-берісте (қарыз) болуы сияқты талаптар бар. Меніңше, "ҚАЗАҚСТАН дауысы" жобасының тәлімгерлері әралуан мінезімен, әртүрлі музыкалық бағыттағы болмысымен ерекше сияқты. Бәріміз бірдей болып отырсақ та қызық емес шығар. Музыкада шекара жоқ. Бір-біріміз туралы жақсы ойлап, жақсы сөйлеп жүрейік, жақсыларым», - деді ол.

Ал әншінің оқырмандары «Әлем жаткан позитив бала, өмір онсыз да қамшының сабындай ғана қысқа. Күліп өмір сүрейік!», «Кешірерсіздер, Әлемдей ұшқалақ бала көрмеппін. Өзін халықтың алдында ұстауы тіптен ұнамайды. Шошақай жас қыздардан жаман. «Қазақстан дауысын» көргенді жақсы көруші едім» немесе «Сәкен ағай, бәрі де сіздей болса, шіркін! Кең жүрегіңізге таңғаламын!» деген сияқты пікірлер айтылуда.