​«Салым қоры 25 миллион теңге, басқа да сыйлықтар болады»: Мейрамбек Беспаев Таразда көкпар бермек

0
2 875

«Туған күнімді той-көкпар етіп өткіземін»


​«Салым қоры 25 миллион теңге, басқа да сыйлықтар болады»: Мейрамбек Беспаев Таразда көкпар бермек


Әнші Мейрамбек Беспаев 7-қараша күні Таразда көкпар береді. Бұл туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасында айтты.


«Атқа қонған палуанның ықыласын, елдің тілеуін тілеген ел-жұрт «үлкендердің батасын қашан аласың, Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз?» деп ауылға, туған өлкеге барған сайын осы сұрақты қойып жатады. Алғашқыда бос мақтан үшін деп ел сөгер, босқа мал шашып жатыр деп айтар деп күмәнданып, келіспей жүр едім. Бірақ достарым көндірді. Салым қоры 25 миллион теңге деп айттық. Одан басқа да сыйлықтар болады. Достарыма рахмет айтамын. Осы күнге дейін дос жинаппын. Барлығы көкпарды өздері көтеретінін айтты, елмен, көпшілікпен бітейін деп жатқан шаруа» дейді Мейрамбек Бесбаев.


7-қараша күні Мейрамбек Беспаев 47 жасқа толады. Әнші көкпарға тап осы күнді неге таңдағанын айтып берді.


«Биыл туған күнімді жасамаймын. Осы той-көкпарды өткізіп, елдің батасын алсам ба деп жүрмін. Әсіресе көкпарда көп тілектері қабыл болып жатқан адамдарды білемін. Көкпар бергеннен кейін ұлды, қызды болып жатқан достарым бар. Оның үстіне дәл сол күні Саят досым 50 жасқа толып жатыр. Содан оған да кедергі жасамай, концертіне қатысып беретінімді айттым» деді әнші.