​«Сен үшін айналаның шаңын сүрттім»: Қыдырәлі Қарақатқа романтикалық кешкі ас әзірлеген

0
6 152

«Кітап десең, кітап, бөтелке десең, бөтелке бар...»


​«Сен үшін айналаның шаңын сүрттім»: Қыдырәлі Қарақатқа романтикалық кешкі ас әзірлеген

Желіде әнші Қарақат Әбілдинаның романтикалық асқа барған видеосы тарады.Шымкентке тойға келген әншіні күйеуі Қыдырәлі Болманов мейрамханаға шақырған. Жолына роза гүлін шашып, дастарханды жайнатып қойған. Алайда Қыдырәлінің өзі кешкі асқа кешігіп келіп, әйелінің алдында ұятты боп қалды.


«Мені кешкі асқа шақырып алды. Жолыма мынадай роза гүлін төсегенін қайтейін, өзі кешігіп келе жатыр. Романтика деген болу керек қой, кішкене. О заман да, бұ заман, қыз жігітті күткен деген не масқара?!» деп күлді Қарақат.


Қыдырәлі өз кезегінде әйелінен кешірім сұрады. «Айналаны сен үшін жарқыратып сүртіп қойдым, қарашы. Шамдары аз боп қалар деп ананың бәрін жарқыратып жағып қойдым. Кітап десең, кітап, бөтелке десең бөтелке бар, қарашы. Мына тамақты да өзім пісірдім» деп әзілге бұрды.


«Осындай романтик жігіт, айналайын-ау, кімде бар? Еу, жаным сол» деп Қарақат күйеуін мақтап, видеосын "Инстаграмдағы" парақшасына салып қойды. Видеодан Қыдырәлінің мейрамхананы тек әйелі екеуі үшін жалдағанын анық байқауға болады, айналада екеуінен басқа ешкім жоқ...