"Шымкент өмір сүретін қала ғой, шіркін!": Жандарбек Бұлғақов шымкенттіктерді мақтап, көзге түсті

0
3 597

Айтыскер: "Жөн-жоралғыны сары майдай сақтап отырған өңірлер туралы мәнсіз анекдоттар, тұрғындары туралы жағымсыз пікірлерді әдейі сіңіріп жіберетін саясат бар".


"Өз басым қалаларға өмір сүретін қала одан кейін күн көретін қала деп іштей баға беріп қоямын. Шымкент сол өмір сүретін қала ғой, шіркін!" деген айтыскер Жандарбек Бұлғақов шымкенттік жігітті жерге сыйдырмай мақтаған.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, оқырмандарының да пікірталастығына себеп болған.


"Қазақтың бар өңірі қадірілі ғой. Сонда да өз басым қалаларға өмір сүретін қала одан кейін күн көретін қала деп іштей баға беріп қоямын.

Шымкент сол өмір сүретін қала ғой, шіркін.
Қалада тұрған ештеңе жоқ, негізгі әңгіме оның көңілі ақ жарқын, жаны жомарт адамдарында. Сол Оңтүстіктегі жайсаң жандардың арасында @kaldybai_dauletov сынды азамат бар. Қазақтың бәйгесі болса да, көкпары болса да, айтысы болса да жоғары деңгейде өтуі үшін барын салып қолдауға дайын тұратын ұлтжанды азаматтардың бірі. Араларыңызда жылқыға құмар адам болса Қалекеңмен жекжат болыңыздар. Асқазанды қинайтыны болмаса, жүрекке салмақ салмайтын азамат. Жалпы бізге қазақы дәстүр мен жөн-жоралғыны сары майдай сақтап отырған өңірлер туралы мәнсіз анекдоттар, тұрғындары туралы жағымсыз пікірлерді әдейі сіңіріп жіберетін саясат бар екенін біреу білсе біреу біле бермейді. Қазақи өңірлерді, намысты азаматтарды өзіміз дәріптеп жүрейік дегенім ғой. Қай қаладан боласыздар жалпы?" -
деген айтыскер, әзілмен қоса бір түйін ойды да ортаға салған.

Жазбаға пікір қалдырғандардың 90 пайызы дерлік шымкенттіктер екен. Олар өз қалаларының атын жазып, түрлі өңтаңбалар қалдырып, мақтау сөздерін аямаған.