​«Сүмірейіп есік алдында тұрдық»: әнші Калифарния Шымкенттегі «Риксос» қонақ үйін сынға алды

0
6 003

«Парақшасына кіріп, «жалоб» лақтырып кетейік»


​«Сүмірейіп есік алдында тұрдық»: әнші Калифарния Шымкенттегі «Риксос» қонақ үйін сынға алды


Шымкентке әнсапармен келген әнші Калифарния «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйін сынға алды. Айтуынша, оны қонақ үй әкімшілігі ақысы төленген бөлмесіне кіргізбей қойған көрінеді.


«Ассалаумағалейкум, барлықтарыңызға қайырлы таң! Мынау менің артымда тұрған керемет Шымкент қаласындағы «Риксос» деген қонақүй, күйеу балаларыңызды ренжітіп жіберді. Номеріміздің ақшасы төленіп тұр, бірақ кіргізбейді. Сүмірейіп есік алдында тұрдық. Сосын бекер тұрмайық деп басқа «гостиницаға» кетіп барамыз. Бастықтарына звондасақ, «қумасын, күтсін» дей ме, бірдеңе депті.


Енді, қазір мен осы қонақүйдің парақшасын белгілеп кетейін. Менің сүйікті тыңдармандарым, Шымкент қаласындағы сүйікті тыңдармандарым, «жалоб» лақтырып кетейік. Сосын, парақшасына кіріп, дұрыс емес әңгімелер айтып кетейік», - деді Калифарния.


Танымал әнші біраз уақыттан соң басқа қонақ үйге жайғасқанын көрсетті. «Мен өзіме жап-жаңа «Риксос» тауып алдым. Екі қабатты номер екен, дерзкий екен. Тема ғой», - деді ол.