«Сыртқы келбетіме көңілім толмайтын»: Дина Төлепберген сұлулық жайлы ой қозғады

0
2 480

«Мен әдемі емеспін»


«Сыртқы келбетіме көңілім толмайтын»: Дина Төлепберген сұлулық жайлы ой қозғады

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген сыртқы келбет, сұлулық жайлы ой қозғады.

"Мен әдемі емеспін" дегенді миына нығыздап алған қыздарға жазамын осы постты.

Кішкентай кезімде менің де сыртқы келбетіме көңілім онша толмайтын. Кластағы "ең сұлу, ең әдемі қыздар кім?" деген сұрақ маған қатысты емес деп ойлайтынмын. Бірақ менің анам маған ылғи, "Сен ерекшесің!" деуден жалықпады. Өсе келе мен сол ерекшеліктерімді іздедім және күшті жақтарымды арттыруға талпындым.

Санамдағы әдемілік пен сұлулық нормалары өзгере бастады. Ішкі сұлулықтың маңызды екенін ұқтым. Сөйтіп, өзімді қабылдадым.

Алла-Тағалам маған мейірімін аямапты деп күнде шүкіршілік етемін. Қыздар, арудың бәрі айдай сұлу, тек әр адамның өз ерекшелігі бар. Әрдайым есіңізде жүрсінші", - деп жазды ол.

Желідегі оқырмандар: «Ақылдысың! Менің қыздарым сен сиятқы ақылды болсын!», «Орыстарда айтады ғой, әдемі тума, бақытты ту деп», «Ақылды,ерекше» деген сияқты пікірлерін қалдырды.