Танымал актриса ауыр науқастан көз жұмды

0
3 637

Бүгін 87 жасқа қараған шағында​ танымал актриса Зәмзәгүл Шәріпова ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды​. Бұл туралы актриса қызмет ететін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.


Танымал актриса ауыр науқастан көз жұмды

Бүгін 87 жасқа қараған шағында танымал актриса Зәмзәгүл Шәріпова ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды. Бұл туралы актриса қызмет ететін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Шәріпова Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы 1931 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы ХХ партсъезд ауылында дүниеге келген.

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Айман, «Қарагөзінде» Қарагөз, Ғ.Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында» Ақтоқты, Қ.Мұхамеджановтың «Жат елде» драмасында Ева Браун, Ә.Тәжібаевтың «Көңілдестерінде» Дәмеш, Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!», «Ой, жігіттер-ай!» комедияларында Нұрсұлу, С.Жүнісовтің «Ажар мен Ажалында» Ажар, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қамажай, А.Бекбосынның «Соңғы сезімінде» Ана, Ф.Буляковтың «Отыз ұлың болғанша…» комедиясында Сәлима, тағы басқа рольдерді орындады.

Ұлттық өнерге сіңірген ерекше еңбегі үшін Зәмзәгүл Шәріповаға 1959 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, 1966 жылы Қазақ КСР халық артисі құрметті атақтары берілді. Сондай-ақ 1959 жылы «Құрмет белгісі», 1981 жылы «Халықтар достығы» және 2005 жылы Тәуелсіз Қазақстанның «Отан» ордендерімен, бірнеше дүркін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Марқұммен қоштасу рәсімі шілденің 16-сы күні сағат 10:00 – де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Фото ашық дереккөзден алынды.

ERNUR.KZ