​«Тарықпай өмір сүру үшін бәрін істеймін»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтты

0
641

«Ажырасу кішігірім өліммен тең»


​«Тарықпай өмір сүру үшін бәрін істеймін»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтты


«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаштың әзілкеш Жахан Отарғалиевпен таяуда ажырасып кеткенін бұған дейін жазғанбыз. Күні кеше Балжан Бидаш өзінің "Инстаграмға" ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы жазба жариялады.


«Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр... Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма?


Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл стресс, депрессияны тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жиналдым. Ендігі менің алдағы өмірімде әзірге бір нәрсе ғана мазалайды. Және ол нәрсе мен сияқты периодта жүрген әйел қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар...


Бұл - өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. "Ажырасу - өлім" деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. "Ары қарай қалай өмір сүресің" деп сұрағанда ол нәрсе есіме түсті. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін" деп жазды.


Әнші сондай-ақ, қазір Қытайға жаңа кәсіп іздеп барғанын, бірақ жолы болмай қайтып келгенін жеткізді.


«Қытайға барған себебім, қосымша табыс көзін іздедім. Бірақ, таппадым. Сонда да тоқтамай, ары қарай іздеп жатырмын. Менде қазір бір ғана мақсат тұр. Ол – жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін, өз өмірімді жақсарту үшін жаңа істерді жасап көруге, ізденуге дайынмын» деді ол.