Төреғалидың қарындасы: "Күйеуім екеуміз екі жақта жүре алмаймыз"

0
2 529

"Бір-біріңсіз тұра алмайды екенсіңдер", - дейді.


Төреғалидың қарындасы:

Төреғалидың қарындасы Фариза өзінің күйеуімен қарым-қатынасы туралы жазып, желі оқырмандарын қызықтырып қойды. Олар Фариза Төреәлінің жазбасын оқып, шынымен олардың бір-біріне ұқсайтынын айтуда.

Күйеуімен бірге тұскен фотосын жариялап, "Байқағаным екеуміз күннен күнге ұқсап бара жатырмыз. Сөйлегеніміз, қылықтарымыз, кейде бірдей ой ойлаймыз, түріміз де ұқсап бара жатқан сияқты ма?!

Оған қоса, күннен күнге бір-бірімізге жақынбыз, шыны керек екеуміз екі жақта жүре алмай қалғанбыз. Кейде үйдегілеріміз күледі, бір-біріңсіз тұра алмайды екенсіңдер деп. Барлығын бірге жоспарлаймыз, мақсатымызға бірге жүріп келеміз. Әр күнім үшін Аллаға шүкір... Ал сіз өз жартыңызға ұқсайсыз ба?" деп жариялады.

Бұл жазбаны оқыған желідегі жас оқырмандар да өздеріне осындай махаббат беруін тағдырдан тілеп, жас жұбайларға ыстық ықыластарын жаудыруда.