​«УЗИ «қыз сияқты» деді, білгіштер «ұл туасың» дейді»: Алтынай Жорабаева жүктілігі жайында ағынан жарылды

0
3 751

«Алла қаласа, қаңтар айында босанамын»


​«УЗИ «қыз сияқты» деді, білгіштер «ұл туасың» дейді»: Алтынай Жорабаева жүктілігі жайында ағынан жарылды

Төрт қызынан кейін, араға 13 жыл салып бесінші перзентіне аяғы ауырлаған Алтынай Жорабаева «Инстаграм» парақшасында тікелей эфирге шығып, тыңдармандарын толғандырған сауалдарға жауап берді.


«Осы жүктілігім рахат өтіп жатыр. Токсикоз дегенді білмедім. Алдыңғы төрт қызымда кеңірдегім қанап кеткенше құсып, тамағымнан ас өтпейтін. Ал қазір бәрі жақсы, ештеңеге жерік болмадым. Көңілім сүйген нәрсені жей бердім. Қазір аяғым ауыр болғасын әртүрлі дәрумендер ішіп жүрмін. Дұрыс тамақтануға тырысам. Дастарханнан көкөніс пен жеміс-жидек үзілмейді. Газдалған сусын, басқа да бояғыштар қосылған шырындарды ішпейміз. Көбіне әкем беріп жіберген әртүрлі қақтан нәрсу (компот) дайындап қоям. Қазір декреттік демалыста болғасын қолым бос, үйдің шаруасымен айналысып отырмын» деді Алтынай.


Тыңдармандар әншінің босанатын күні мен баланың жынысын сұрады.


«Құдай ақы, кім екенін білмеймін. Бірінші УЗИ «қыз сияқты» деді, екіншісінде «дұрыс көрінбей жатыр» деді. Сосын «Қоя салшы, жүдә керек емес! Білмей-ақ қойдым, аман-есен, дені сау боп келсе болды» дедім. Бірақ бізде білгіштер көп қой, «ұл сияқты» деп көп айтады. Маған бәрібір, Құдай өмірімен берсін, кім болса да қаңтар айында білеміз енді» деді әнші.


Ол сондай-ақ босанғасын бөпесін бесікке жатқызбайтынын айтты.


«Білмеймін, бесікке жатпайды-ау. Алиш оны осы бастан «ешкімге бермеймін, өзім қараймын, қасыма алып жатамын» деп дайындалып жатыр. Менің бесінші балам, оның тұңғышы ғой, сондықтан оған бәрі қызық боп тұр» деп отбасылық жоспарымен бөлісті.