«300 мың теңгесін алып қойыпты»: Жандарбек Бұлғақов әкесінің алаяқтарға алданып қалғанын айтты

0
981

Белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов алаяқтарға алданып қалған.


«300 мың теңгесін алып қойыпты»: Жандарбек Бұлғақов әкесінің алаяқтарға алданып қалғанын айтты

Бұл туралы оның ұлы, айтыскер Жандарбек Бұлғақов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Әкесіні меркемен құттықтаған ұлы жақында ғана әкесінің 300 мың теңгені алаяқтарға беріп қойғанын, кейіннен ішінде 400 мың теңгесі бар әмиян тауып алғанын жазыпты. Бірақ әкесі ол әмиянды иесін тауып, қайтарып берге.

Жандарбек Бұлғақов: «Өткенде бір алаяқтар әкеме хабарласып, өз құжаттарын жіберіп (қайдан алғандары белгісіз) әбден сендіріп счетында жатқан 300 мың теңгесін алып қойыпты. Бас аман болсын, бастысы құжаттарды пайдаланып банктен несие алмапты дедік те қойдық.

Арада аз уақыт өткенде әкем қара жолдың бойынан қалың бір портмане тауып алады. Оны ФБ әлеуметтік желісіне жариялап иесі табылып қалар деген оймен күтеді. Ешкім хабарласпаған соң полиция бөлімшесіне барып жағдайды айтып, портманені тапсырады. Ондағылар қайдан алдың? қалай алдың?- деп әбден тергеп 3-4 сағ соң бірақ жібереді ғой.

Ішінде 400 мың теңге мен бір зажигалка бар екен. Егесінің не құжаты, не нөмірі жоқ. Жақын-жуықтар “өткенде ұрланған 300 мың теңгең, 400 мың боп келген шығар”- деп қалжыңдаса, “жоқ, олай болмайды, ондай жолмен келген ақша ешкімге де берекелі болмайды,- деп серьезно жауап беріпті әкеміз. Полиция қызметкерлері өз әлеуметтік желісіне жариялаған соң әлгі ақшаның егесі табылды. Алматыға кетіп бара жатып жолда біреумен сөйлесем деп портманені көліктің үстіне қоя салған ғой. Көлік жүріп кеткенде жерге түсіп, сонда қалған. Бір зат аламын деп жинап жүрген ақшасы екен. Ақшаның жоқ екенін Алматыға жеткенде бірақ біліп, 400 мыңды енді ешкім қайтармайды ғой деп үмітін үзіп қойыпты. Бірақ несібесі өзіне бұйырған екен”



Айтыскердің бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары әкесінің адалдығына тәнті болып, ізгі тілектерін жаудырды